Испания әлемдегі ең көп кітап оқитын елге айналуы мүмкін

0
218

Испания жақын арада әлемдегі ең көп кітап оқитын елдер қатарына енуі мүмкін, деп хабарлайды Хабар 24

Кітап оқитын халықтың үлесі соңғы үш жылда 43%-ға өскен. Бұл үрдіске, әсіресе, коронавирустық пандемия кезіндегі оқшаулану ықпал етіпті. Бұл туралы Испанияның Баспагерлер федерациясы мәлімдеген. Департамент мұндай мониторингті тұрақты негізде жүргізеді. Пандемиядан кейінгі соңғы үш жылда оқырмандар саны күрт артқан. Кітаптар мереке мен туған күндерге таптырмас сыйлыққа айналып үлгерген.

Бүгінде Испаниядағы белсенді оқырмандар саны 66%-дан асады. Аптасына бір кітап оқитындардың үлесі 52% құрады. Әдеби кітаптар әсіресе 10 мен 14 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында танымал. Сауалнамаларға сәйкес, осы жастағы адамдардың 86 пайызымектептен бос уақытында кітап оқитынын айтқан.

Айта кетейік, былтырғы нәтиже бойынша әлемдегі ең көп кітап оқитын мемлекет Үндістан болып танылған еді. Зерттеушілер үндістердің аптасына орта есеппен кітап оқуға 10 сағат жұмсайтынын анықтаған. Оқымысты елдердің қатарында екінші тұрған Тайланд болса,үшіншісі – Қытай.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз