Корея қазақстандық студенттер үшін білім гранттарын арттырады

0
98

Корея Республикасы қазақстандық студенттер үшін білім гранттары санын арттырады. Бұл туралы Сеулде өткен мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Корея комиссиясының үшінші отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды 24kz.

Қазақстан-Корея үкіметаралық кеңесін құру туралы құжатқа 1995 жылы қол қойылған болатын. Кеңес құрамына Мәдениет жіне спорт, Білім және ғылым министрлігінің, сонымен қоса Қазақстан мен Корея Сыртқы істер министрлігінің өкілдері кіреді.

Аталған кеңес отырысында мәдени ынтымақтастықты тереңдету туралы келісімге қол жеткізілген. 2019 жылы қазақстандық бірнеше мұражайлар өз экспонаттарын Кореяда ұсынатын болады. Ал Корей тарабының археологтары Қазақстанға экспедицияларымен келеді.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің мәлімтеінше Корея Республикасында 1600-ге жуық қазақстандық студент білім алуда. 2019 жылдан бастап Оңтүстік Корея үкіметі қазақстандықтарға хореография, арт-менеджмент, мәдениет пен өнер саласындағы мамандықтар бойынша білім гранттарын бөледі. 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз