Әлемдегі ең көне Менделеев кестесі табылды

0
1,043
The table undergoing washing treatment. (University of St Andrews)

18 қаңтар күні Шотландияның Сент-Эндрюс университетінде 133-140 жыл бұрынғы Менделеевтің химиялық элементтер кестесі табылды.  Ең ескі кесте туралы Science Alert басылымы хабарлады. 

Зерттеуші Алан Айткен неміс тілінде жазылған элементтер кестесін химиядан лекция оқитын аудиторияның қоймасындағы химикаттар мен лаборатория құралдарының арасынан тауып алған. Лос-Анджелестегі Калифорния университетінің сарапшылары кестені тексеріп, химиялық элементтердің ашылған жылдарына байланысты қай жылы басылғанын анықтады. Кестеде 1875 және 1885 жылдар аралығында ашылған галлий және скандий элементтері бар да, 1886 жылы ашылған германий элементі көрсетілмеген.

Табылған плакат қалпына келтіріліп, Сент-Эндрюс университетінде сақталады.

Айта кетейік, Менделеев кестесі – элементтердің әртүрлі қасиеттерінің атом ядросы зарядына тәуелділігін белгілейтін химиялық элементтердің жіктелу реті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз