Мұғалімдер мемлекеттік мектептерге конкурс арқылы қабылданады

0
1,231

4 наурызда Сенат депутаттары мақұлдаған жаңа заң жобасында мемлекеттік білім беру ұйымдарына педагогтарды конкурс арқылы қабылдау енгізілетіні айтылды. Бұдан былай мұғалімді жұмысқа қабылдауға қатысты шешім тек директорларға тәуелді болмайды. 

Елдің білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, қазір педагогтарды жұмысқа қабылдау бойынша қолданыстағы жүйе ашықтық қағидаттарына толығымен сай деп айтуға келмейді, сәйкесінше сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол берілуі мүмкін.

“Мәселен, кейбір өңірлерде бір пән бойынша бір ставканы төрт мұғалімге бөліп береді. Бұл өз кезегінде білім беру сапасына кері әсер етеді. Сондықтан мұндай фактілердің алдын алу үшін педагогтерді жұмысқа конкурс арқылы іріктеп, барлығына түсінікті әрі ортақ ереже бойынша қабылдау көзделді”, – деді министр.

Заң жобасына сай, педагогты жұмысқа қабылдау туралы шешімді бір ғана адам емес, көпшілік қабылдайтын болады. Мұғалімдердің кәсібилігіне және барлық талапқа сай болуына ден қойылмақ.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз