Магистратураға құжат қабылдау мерзімі белгілі болды

0
57
Photo: Tengrinews.kz

Қазақстанда магистратураға түсу үшін грант конкурсына құжат қабылдау 12-19 желтоқсан аралығында өтеді. Ал грант иегерлерінің тізімі 21 желтоқсаннан кейін анықталады. Бұл туралы inform.kz хабарлады.

Магистратураға түсушілер 3,8 мың мемлекеттік білім грантына үміткер бола алады.

Оның ішінде «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» даярлау бағытына — 1758 грант, Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистикаға» — 569 грант, «Педагогикалық ғылымдарға» — 469 грант, «Ауыл шаруашылығы және биоресурстарға» — 461 грант бөлінген.

Болашақ магистранттардың құжатын қабылдау осы жылдың 26 желтоқсаны мен 2024 жылдың 10 қаңтары арасында жүргізіледі.

Еске салайық, Ғылым және жоғары білім министрлігі 2 желтоқсанда магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің басталғанын хабарлаған болатын. Бұл тестілеу 8 желтоқсанға дейін жалғасады.

Жалпы, тестілеуге 8 мыңнан астам өтініш қабылданған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз