Медицина саласындағы Нобель сыйлығы иегерлері белгілі болды

0
177

Америкалық иммунолог ғалым Джеймс Эллисон мен Жапония ғалымы Тасуко Хонджо Нобель сыйлығының медицина және физиология саласы бойынша лауреаты атанды. Олар қатерлі ісіктен иммунды терапия арқылы емдеу тәсілін жасап шығарған.

Эллисон қатерлі ісік жасушаларымен тиімді күресу үшін иммундық жүйенің жұмысын баяулатуға көмектесетін ақуызды зерттеумен айналысты. Ғалымдар сонымен қатар меланомадан және қатерлі ісіктің басқа түрлерін емдеудің жаңа тәсілін бірігіп жасады.

Қос ғалымға сыйлықтың 9 миллион швед кронына тең (1 миллион доллар) ақшалай жүлдесі беріледі.

Нобель комитеті осы аптада сыйлықтың физика және химия саласы бойынша лауреаттарын жариялайды. Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығы 5 қазанда беріледі. 8 қазанда сыйлықтың экономика саласындағы лауреаты жарияланады. Азаттық радиосының хабарлауынша биыл әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығы берілмейді.

Түрлі елдердегі Нобель лауреаттарының саны.

Нобель сыйлықтары жыл сайын әйгілі ғылыми зерттеу, революциялық жаңалықтар немесе мәдениет, қоғам дамуына зор үлес қосатын жұмыстары үшін берілетін халықаралық сыйлықтардың ішіндегі ең танымалдарының бірі.

1895 жылы Альфред Нобельдің өсиетнамасына сәйкес құрылған сыйлық мына бағыттар бойынша беріледі:

  • әдебиет (Швецияда 1901 жылдан бері);
  • физика (Швецияда 1901 жылдан бері);
  • химия (Швецияда 1901 жылдан бері);
  • физиология немесе медицина (Швецияда 1901 жылдан беріледі);
  • Бейбітшілік сыйлығы әлемде бейбітшілікті күшейтуге зор үлес қосқандығы үшін (Норвегияда 1901 жылдан бері);
  • Сонымен қатар, Нобельдің өсиетнамасынан тыс, 1969 жылдан бастап швед банкінің бастамасымен экономика сыйлығы тағайындалды. Ол басқа да Нобель жүлделерімен бірдей шартта беріледі. 

Бүгінде Нобель сыйлығының көлемі 10 млн (шамамен 1,05 млн еуро немесе 1,5 млн $) швед кроны.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз