Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды

0
606
photo: 24.kz

2021-2022 оқу жылына арналған білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды. Бұл туралы білім министрлігі хабарлады.

Мемлекеттік гранттар, республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша тағайындалды.

Гранттарды тағайындау конкурсына қатысу үшін 75 мыңнан астам талапкер құжат тапсырды. Биыл «Білім беру» және «Денсаулық сақтау», сонымен қатар ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, құқық, дизайн, менеджмент білім беру бағыттары сұранысқа ие.

Грант тізімін көру үшін төмендегі файлды жүктеп алыңыз

Ендігі кезекте мемлекеттік білім гранты иегерлері оқуға қабылдану үшін құжаттарын жоғары оқу орындарына 25 тамызға дейін тапсыруы тиіс.

Барлық сұрақтар бойынша төмендегі телефон номерлеріне хабарласуға болады:

87172 695096
87172 695280
87172 695287
87172 695292
87172 695071
87172 742284
87172 742525
8 7172 741739

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз