Министр: IT саласын игерген мұғалімі 450 мың жалақы алады

0
18

Биыл желтоқсаннан бастап елімізде IT пәнінің мұғалімдері даярлана бастайды. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлім етті, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«TechOrda бағдарламасы аясында IT кәсібін игергісі келетін қазақстандықтарға жеке озық IT мектептерде ваучерлік жүйе негізінде білім алу мүмкіндігі қарастырылған. Жоба аясында азаматтар өзінің біліктілігін жетілдіре алады. Мысалы, бүгінде бағдарлама бойынша 2000 адам IT саласын игерді. Олар жалақысы 450 мың теңге болатын жұмысқа орналаса алады. Халықаралық серіктестермен ынтымақтастық та еліміздің адами капиталының дамуына оң ықпалын тигізеді», – деді Бағдат Мусин Үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, халықаралық алып компаниялармен бірге оқу курстары әзірленеді. Енді 1 желтоқсаннан бастап ІТ пәнінің мұғалімдерін оқыту тетігі енгізіледі. Тіпті министрлік оқу сапасын арттыру үшін жыл соңына дейін ІТ факультеттерге тиісті сапа стандарттарын енгізу жұмыстарын бастаған.

«Біз Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп, өңірлік оқу орындарындағы IT факультеттеріне тиісті аудит жүргіземіз. Жергілікті әкімдіктер осы жұмыстардың қарқынын арттыру үшін өңірлерде IT жобалау мектептерін қолдап, бизнеспен тығыз жұмыс жүргізуі керек», -дейді ол.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз