Орталық Азия медиа форумы: Пулицер алған фотожурналистің оқиғасы

0
345
Форумның спикері, фотожурналист Лю Хен Шинг.

20 желтоқсан күні Астанада Орталық Азия медиа форумы басталды. Жиынға әлемнің әр елінен журналист, саясаткер және медиа мамандары қатысты. Біз бұл мақаламызда журналистика саласында үздіктерге берілетін Пулицер сыйлығын 1992 жылы иеленген бүгінгі форумның спикері Лю Хен Шинг туралы айтамыз.

Форумда сөз алған 71 жастағы тегі қытайлық фотожурналист Қазақстанның Қытай мен Ресейдің ортасында орналасқан Орталық Азияның ең маңызды аймағы екенін атап өтті және тәжірибесімен бөлісуге шақырған форум ұйымдастырушыларына алғыс білдірді. 

Лю Хен Шинг.

Фотожурналист Лю суретке түсіруді Гонконгтағы орта мектепті бітіріп, 1974 жылы Нью-Йорк қалалық университетінің Хантер колледжіне түскеннен кейін бастаған. Ол әйгілі фотограф Джон Милидің курсын аяқтағаннан кейін Life журналынан тағылымдамадан өтуге ұсыныс алады.

Лю фотография курсын оқып жүргенде ұстазының суретке түсірудің техникалық тұстарынан гөрі жарық пен композицияны түсіндіруге маңыз бергенін атап өтеді. 

Лю Хен Шинг 1991 жылы өзінің танымал кадры Михаил Горбачевті түсірген кезде осы курста алған дәрістерінің көмегі тигенін айтады.

Associated Press-тің фотокорреспонденті болған ол Мәскеуде Совет одағы ыдырағаннан кейін жасаған еңбегінің нәтижесінде 1992 жылы әріптестерімен бірге журналистикадағы ең беделді сыйлық Пулицерді иеленеді.

Фотожурналист өзі жайлы аз кем айтып, түсірген суреттері арқылы көптеген тарихи оқиғаны баяндап берді.

Енді кезекті Лю Хен Шинг түсірген фотоларға берейік.

Лю Хен Шингтің суреттері

Фотожурналиске Пулицер сыйлығы осы еңбегі үшін берілген.

 

Совет Одағы ыдырағаннан кейінгі Мәскеу.

 

Қытайды кедейшілік пен жоқтық жайлаған кезде білімге талпынған қытай қыздары.

 

Қытайда алғаш рет пластикалық операция жасалған кез.

Қытайда Кока-кола қайта өндіріле бастаған кез.

 

Қытайлықтар әрдайым өздерінің Time Square-і болғанын армандаған дейді фотожурналист. Ал бұл фото қытайлықтар арманы орындалған сәтте түсірілген.

Фотожурналиске Пулицер сыйлығы Ресейде жасаған жұмыстары үшін берілсе де оның кәсіби фотожурналист ретіндегі іргетасы Қытайда қаланған. Сондықтан ол форумда көбіне Қытайда түсірген суреттердің тарихына тоқталды. 

71 жастағы фотожурналист Лю Хен Шинг бүгінде Шанхай қаласында тұрады. Ол қаладағы Фотография орталығынан өз галлереясын ашқан. 

20-21 желтоқсанда Астанада Орталық Азия медиа форумы өтіп жатыр. Қазақньюс тілшілері осы форумнан ақпарат таратып, қызық оқиғаларды сіздермен бөлісіп тұрады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз