Осы жылдан бастап тұңғыш рет «Мегагрант» деген ұғымды енгізіп жатырмыз – министр

0
86

Бұл туралы Үкімет сағатында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, деп хабарлайды kazaknews.kz.  

Министрдің айтуынша, аграрлық бағытқа бөлінген қаржы енді бөлек есептеледі. Оның ішінде гранттық қаржыландыру, бағдарламаларды нысаналы қаржыландыру бар. Сондықтан осы жылдан бастап аграрлық ғылыми зерттеу институттарына және аграрлық ғылыммен айналысқан жекеменшік компанияларға және университеттерге бөлек қаржыландыру бағыты ашылатын болады. 

«Мысалы, біздің С.Сейфулин атындағы агротехникалық университеті биыл мегагрант ұтып алды. 4 млрд. теңге. Осы жылдан бастап тұңғыш рет «Мегагрант» деген ұғымды енгізіп жатырмыз. Осы мегагранттар университеттердің жаңа деңгейге шығуына мүмкіндік береді»,-деді С.Нұрбек.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз