СҚО-да 17 мектеп аттестациядан өтпей қалды 

0
64

Солтүстік Қазақстан облысында 10 балабақша мен 17 мектеп жыл сайынғы аттестациядан өтпей қалды, деп хабарлады 24.kzбілім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысына сілтеме жасап

Тексеріс кезінде аталған мекемелерде мемлекеттік стандарттар сақталмағаны анықталған. Кейбір мектептерде мұғалімнің өзіне тиесілі емес пәндерден сабақ бергені белгілі болды. Бұдан бөлек, «ерекше» балаларға жағдай жасалмай, инклюзивті оқу бағдарламасы бекітілмепті. 

Облыстық білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің жетекшісі Алёна Мальгаева, сыннан өте алмаған білім ұялары кемшіліктерді жаңа оқу жылына дейін түзетуі тиіс. Және оның қорытындысы бойынша тағы да тексеру жұмыстары жүргізілетін айтты. Сондай-ақ қазіргі таңда 48 мекемеде екінші аттестациялау жұмыстары жүргізіліп, екі мектеп қайтадан өтпей қалғанын атап өтті. 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз