СДУ-да IT саласының өзекті тақырыптары талқыланады

0
205
Сурет: techsbooks.com

29 қараша мен 1 желтоқсан арасында Сулейман Демирел университетінде “Электронды компьютер және есептеу техникасы” (ICECCO) атты  14-ші  халықаралық конференция өтеді. 

Жиында жас ғалымдар мен докторанттар алдын-ала жасаған зерттеулерімен бөліседі. Жобаға барлығы 35 ғылыми жұмыс қабылданған. Оның 10-ы СДУ жас ғалымдарының жүмысы.  Атап айтсақ, зерттеушілер замануи IT саласының бағыттары бойынша кәсіби тақырыптарды талқылайды.

Тақырыптар:

  • Таратылған интеллектуалды жүйелер;
  • Медициналық информатика;
  • Жасанды интеллект;
  • Ғылыми есептеулер;
  • Сандық сигналдарды өңдеу;
  • Инженерлік моделдеу және бақылау;
  • Бағдарламалық қамтамасыз етуді жобалау;
  • Есептеу (есептеу ғылымдары);
  • Компьютерлік көру;
  • Қызықты қосымшалар және бағдарламалау тілдері;

Конференция қонақтары мен баяндама жасаушы спикерлер Назарбаев университетінен және Корея, Нигерия мемлекеттерінен келеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз