Тәрбие ұлттық, білім жаһандық болуы керек

0
81

“БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ” Халықаралық қоғамдық қорының президенті Дархан Өте “Білім-инновация” лицейлерінің сапалы білім беру сырымен бөлісті, деп хабарлайды kazaknews.kz. 

Қор басшысының айтуынша, БИЛ мектептерінде тәрбие мен білім қатар беріледі. Ал ондағы тәрбие ұлттық, білім жаһандық болуы керек. 

«Тәрбие ұлттық, білім жаһандық болуы керек. Біз осы мақсатта жұмыс істеп жатырмыз десек болады. Құндылыққа негізделген білім берудің де мақсаты осы. Біз оқушыларымызға ұлттық құндылықтарды бойына сіңіру арқылы сол оқушыларымызды, елін сүйюге, отансүйгіштікке, патриоттыққа тәрбиелеу. Яғни, ол балалар қанша жерден халықаралық дәрежеде мықты маман болса да, өз елін жақсы көретін қазақтың біртуар азаматы болып қалыптастыру мақсатында осы тәрбие жұмыстары жасалып жатыр», -деді Д.Өте БАҚ өкілдеріне арналған пресс турда. 

Іс-шара барысында журналистерге “БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ” Халықаралық қоғамдық қорының 30 жылда жеткен жетістіктері ұсынылды. Атқарған жұмыстар тереңірек таныстырылып, көкейдегі сұрақтар қойылды.

Бұдан бөлек, «Нұр Орда» мектеп-лицейінің директоры Селман Шимшек, «Spectrum» халықаралық мектебінің директоры Ерхан Абдулдаев, Астана қаласындағы дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты» директоры Руслан Сихымбеков өз білім ұяларын көрсетіп, жасалған жұмыстарымен таныстырды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз