ҰТО магистратура тестінде ереже бұзған 328 адамның нәтижесін жойды

0
263
Photo: Sputnik.kz

Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу аяқталды. Қазақстан бойынша 43 мыңнан астам адам тест тапсырған. Емтихан кезінде ереже бұзған 328 талапкердің нәтижесі жойылған. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы хабарлады.

ҰТО-ның хабарлауынша, республика бойынша 43 мыңнан астам адам тест тапсырған. Олардың 42 пайызы шекті балл жинаған. Магистратураға түсуге ниетті азаматтардың жалпы орташа көрсеткіші – 71 балл. Ең жоғары 140 ұпайды тек бір қатысушы ғана жинаған.

“Тест кезінде ереже бұзған 328 адамның нәтижелері жойылды. Атап айтқанда, тыйым салынған заттарды кіргізген 176 талапкер емтиханнан шеттетілді. Тестілеу кезінде ереже бұзып, 148 азамат аудиториядан шығарылды. Бейнекамералардағы жазбаларды қайта қарау қорытындысы бойынша 4 адамның нәтижесі жойылды. Сонымен қатар емтиханға кіргізу кезінде адамның түр-әлпетін танитын FACE-ID жүйесі арқылы 4 бөгде тұлға анықталды”, деп жазды Ұлттық тестілеу орталығы өзінің Тelegram арнасында.

Биыл өз нәтижесімен келіспеген 20 мыңнан астам адам апелляцияға өтініш берген. Осыған сай 121 тест тапсырушының қорытындысы оң шешімін тапқан.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз