21 желтоқсанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев отандық бизнес өкілдерімен кездесті. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады. 

Кездесуде ұлттық экономиканы сапалы әрі орнықты дамытудың өзекті мәселелері талқыланған. Атап айтқанда, кәсіпкерлер макроэкономикалық саясат, соның ішінде жаңа Салық кодексін әзірлеуге және экономиканың нақты секторына қолжетімді несие беруге қатысты пікірлерін ортаға салды.

Экономиканың жаңа құрылымын қалыптастыру аясында жүйелі цифрландыру, көлік-логистика саласын белсенді түрде дамыту, агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін толыққанды пайдалану, экономиканы индустрияландыру, әсіресе, отандық автомобиль өнеркәсібін ілгерілету мәселелері көтерілген.

Мемлекет басшысы айтылған ұсыныстардың барлығы жинақталып, нақты шаралар қабылданатынын айтты.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз