«Аңсаған сәби» бағдарламасына жыл сайын 7000 квота бөлу көзделген

0
377
Photo: inform.kz

2026 жылға дейін “Аңсаған сәби” бағдарламасына жыл сайын 7000 квота бөлу қарастырылған. Бұл туралы ortcom.kz сайты хабарлады.

“2021 жылы президенттің тапсырмасымен «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасы іске қосылды, онда 2026 жылға дейін жыл сайын 7000 квота бөлу көзделген. Биыл сәуір айындағы жағдай бойынша ЭКҰ арқылы 1307 бала дүниеге келді, 3063 әйел жүкті болды, бұл 43%-ды құрайды”, – дейді денсаулық министрі Ажар Ғиният.

Strategy2050.kz: “Аңсаған сәби” бағдарламасы бедеулік диагнозы қойылған пациенттерге арналған. Оған отбасылық жұптар да, жеке адамдар да қатыса алады. Қазақстанның азаматы болуға тиіс және денсаулық сақтау министрлігі белгілеген медициналық талаптарға сәйкес келуі керек. Сондай-ақ, бағдарламаға қатысатын адам міндетті түрде ерікті түрде жазбаша келісім береді”.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды «Бала жылы» деп жариялады. Осы орайда денсаулық сақтау министрлігі балалардың денсаулығын сақтау жөніндегі іс-шараларды іске асыруға баса назар аударған. Ведомство басшысының айтуынша, балаларды профилактикалық қарап-тексеру пакеттері кеңейтілген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз