Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары тағайындалды

0
183
Ақорда. Photo: time.kz

18 мамырда президенттің жарлығымен Аңсаған Скендерұлы Балтабеков Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

Ақорда таратқан ақпаратта Байбосынов Батырбек қызметінен босатылып, орнына Балтабеков Аңсаған тағайындалған.

“Мемлекет басшысының өкімімен Батырбек Бердібайұлы Байбосынов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары лауазымынан босатылды”- делінген хабарламада.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз