Аштық зардабын тартқандардың саны 11 миллионға артты – БҰҰ

0
501

Әлемде аштықтың зардабын көрушілердің саны күн санап артуда. Бір үзім нан мен бір жұтым суға зар болған адамдардың саны 2017 жылы 124 миллионға жетті. Бұл көрсеткіш 2016 жылмен салыстырғанда 11 миллионға артқан. Бірікке ұлттыр ұйымы (БҰҰ) бұл туралы мәліметті наурыздың жиырма екісінде мәлімдеді. Бұл туралы БҰҰ-ның орыс тілді ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мәлімдемеде хабарлағандай, аштықтың негізгі себебі – қарулы қақтығыстар, экстремалды ауа-райы мен азық-түлік тауарларының бағасының өсуі. Осылайша, қарулы қақтығыстар қазіргі уақытта 18 мемлекетті, соның ішінде Африка мен Таяу Шығыстағы он бес мемлекетті, аштық салдарына алып келді.

Табиғи апаттар, бірінші кезекте құрғақшылық, 23 елде азық-түлік дағдарысына себеп болды. Олардың үштен екісі Африка құрлығында орналасқан.

Хабарламада «Аштықтан зардап шеккен адамдардың санының өсуі көбіне, Мьянмада, Солтүстік-Шығыс Нигерия, Конго Демократиялық Республикасы, Оңтүстік Судан және Йеменде саяси қақтығыстар мен тұрақсыздықтың ушығуы себебінен туындады. Құрғақшылық салдарынан Шығыс және Оңтүстік Африка елдерінде де ашаршылық зардабының жиілеп кеткендігін көрсетті», делінген.

2018 жылы қақтығыстардың нәтижесі Ауғанстан, Орталық Африка Республикасы, Конго Демократиялық Республикасы, Нигерия, Чад ауданы, Оңтүстік Судан, Сирия, Ливия, Мали және Нигер сияқты азық-түлік дағдарыстарына әкелуі мүмкін деп болжануда. Ал құрғықшылықтың салдарынан Сомали, Эфиопия, Кения және Батыс Африкада, сонымен қатар Сахеля, Сенегал, Чад, Нигер, Мали, Мавритания және Буркина-Фасо сияқты ауылдық аймақтарда аштықтың зардабын тартуы мүмкін.

Жыл сайынғы баяндаманы Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы, Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы және Еуропалық Одақ сарапшылары дайындады. Баяндама БҰҰ-ға мүше мемлекеттерге Римде өткен брифингте ұсынылды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз