Қазығұрт тауы туристік орталыққа айналады

0
515

Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан Қазығұрт тауында ірі туристік орталық жасақталады. Осы орайда 21 наурызда Қазығұрт тауының баурайында ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаев және өңір азаматтары қасиетті шыңдағы Кемеқалған нысанының қазығы қақты.

Облыс әкімі Ж. Түймебаевтың айтуынша, Қазығұртта арнайы кешен жасау жоспарда бар. Кешен барысында кеме Қазығұрттың биігіне орнатылады, ұзындығы 137 метрді құрайды. Сондай-ақ кешен құрылысы барысында мұражай, қонақ үй, мейрамхана салу жоспарлануда, дейді облыс әкімі.

Атап өтерлігі, төменнен Кемеқалған нысанына апаратын жалпы ұзындығы 3,1 шақырымдық қанат жолы мен 4 шақырымдық жаяу жүргіншілер жолының құрылысы жүргізілетін болады.

Сондай-ақ, ұлттық ат спорты ойындарын өткізетін 20 гектар аумақта атшабар құрылысы жоспарланып отыр.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз