Астана ТМД бойынша танымал қалалардың үштігіне енді

0
157

Ресейлік Tvil.ru тұрғын үй жалдау қызметі көктемгі демалыста отбасымен сапарлау үшін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) ең танымал қалаларын анықтаған еді. Зерттеу нәтижесінде Астана танымал қалалардың үштігіне кірді.

Бұл рейтинг 2018 жылдың 24 наурызы мен 1 сәуірі аралығындағы мектеп мерекелері кезінде қонақ үйлер мен жалдамалы пәтерлердің сұраныстарына талдау жасау арқылы жасалған.

Көктемгі демалыстағы ресейлік туристердің отбасылық сапарларына танымал ТМД-ның алғашқы бес қаласының құрамында – Минск, Астана, Ереван, Тбилиси және Баку бар.

Tvil.ru сайтының хабарлауынша, Астанаға көктемде келуші туристер орташа бағамен бір күнде 17 мың теңгеге пәтер жалдап тұрады. Ал туристер үшін пәтердің күндік ақысы ең арзан қала Тбилиси болып есептеледі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз