Байденге тікелей эфирде коронавирусқа қарсы вакцина егілді

0
134

АҚШ-тағы президент сайлауында жеңіске жеткен Джо Байден коронавирусқа қарсы вакцина салғызды. Процедура тікелей эфирде көрсетілді. Бұл туралы rbc.ru сайты хабарлады.

Делавэр штатындағы Ньюарк қаласының ауруханасында Джо Байден америкалық Pfizer компаниясы мен немістің BioNTech вакцинасының алғашқы дозасын өзіне ектірді. Алайда, вакцинациядан кейін оң нәтижеге қол жеткізу үшін препаратты бірнеше аптадан кейін қайта егу қажет. Бұған дейін, 21 желтоқсанда, Байденнің әйелі Джил, COVID-19-ға қарсы вакцинация жасаған болатын.

АҚШ-та халықты вакцинациялау 14 желтоқсанда басталды. Азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасына жауапты ұйым (FDA) төтенше жағдайларда Pfizer және BioNTech вакциналарын қолдануға рұқсат берді.

Қазан айында коронавируспен ауырған АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамп инфекцияға қарсы вакцина салғызбайтынын мәлімдеді.

2021 жылдың 20 қаңтар күні Джо Байден ресми түрде АҚШ-тың 46-шы президенті болады. Ол, сайлауда 306, Дональд Трамп 232 сайлау алқасы мүшелерінің дауысын жинады. Сайлауда жеңіске жету үшін 270 дауыс қажет.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз