Әлемдегі ең кішкентай электрокардиостимуляторды ТМД-дағы алғашқы имплантациялау Нұр-Сұлтанда жүргізілді

0
403

Нұр-Сұлтанда жүрек орталығында әлемдегі ең кішкентай электрокардиостимуляторды ТМД-дағы алғашқы имплантациялау жүргізілді. Бұл туралы жүрек орталығының баспасөз қызметі хабарлады.

2021 жылғы 12 тамызда жүрек орталығында туа біткен жүрек ақауы бар 14 жастағы жасөспірімге әлемдегі ең кішкентай Micra AV электрокардиостимуляторын (ЭКС) ТМД-дағы алғашқы имплантациялау өтті.

“Біз жаңа электродсыз ЭКС Micra AV имплантациясын жасадық. Науқастың жағдайы едәуір жақсарды, ал атриа мен қарыншалар арасындағы синхрондау 80% жетті”,- дейді жүрек орталығының интервенциялық аритмология бөлімінің меңгерушісі Аян Әбдірахманов.

Micro AV – бұл екі-камералы ынталандыру функциясы бар дәрінің өлшеміне келетін әлемдегі ең кішкентай электростимулятор. Ол тек оң қарыншада – жүректің бір камерасында орнатылады. Бірақ атриальды жиырылуды тану арқылы екі камера сияқты жұмыс істейді. Micra AV электродтармен байланысты асқынуларды болдырмай, атриа мен қарыншалардың жұмысын синхрондауға көмектеседі. Қарапайым сөзбен айтқанда, бұл ЭКС жүректің жұмысын синхрондайды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз