Қазақстандықтар қай елдерге ұша алады?

0
455
Ұшақ. Көрнекі сурет.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі пандемияға қарамастан Қазақстанның 16 елге әуе рейстері бар екенін хабарлады.

Министрлік хабарлауынша халықаралық бағыттар бойынша аптасына 16 елге 46 бағыт бойынша 202 әуе рейстері орындалады. Олар:

Түркия – аптасына 54 рейс;
БАӘ – аптасына 31 рейс;
Өзбекстан – аптасына 36 рейс;
Ресей – аптасына 10 рейс;
Грузия – аптасына 20 рейс;
Қырғызстан – аптасына 9 рейс;
Беларусь – аптасына 8 рейс;
Украина – аптасына 8 рейс;
Германия – аптасына 9 рейс;
Тәжікстан – аптасына 2 рейс;
Оңтүстік Корея – аптасына 3 рейс;
Египет – аптасына 2 чартерлік рейс;
Нидерланды – аптасына 1 рейс;
Черногория – аптасына 7 рейс;
Польша – аптасына 1 рейс;
Армения – аптасына 1 рейс.

Барлық рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып орындалады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз