2022 жылдың алғашқы тоқсанында Қазақстан экономикасы 4,4 пайызға өсті

0
352
фото: trend.az

12 мамырда өткен Үкіметтің кезекті отырысында биылғы қаңтар-сәуір айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының және республикалық бюджеттің атқарылуының қорытындылары қаралып, ұлттық экономика министрлігінің деректеріне сәйкес Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 4,4% құраған. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған мәселе бойынша премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов баяндама жасады.

Салалар арасында сауда, құрылыс, көлік және қоймалау, ақпарат және байланыс, өңдеу өнеркәсібі, сумен жабдықтау, тау-кен өндірісі өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы оң өсім көрсеткен.

“Биылғы қаңтар-наурыз айларында сыртқы сауда тауар айналымы 45%-ға өсіп, $28,7 млрд құрады. Оның ішінде экспорт бойынша көрсеткіш 66%-ға өсіп, $19,1 млрд-қа дейін жетті. Бұл ретте, өңделген тауарлар экспорты 32,4%-ға артып, $5,3 млрд-қа жетті. Тауарлар импорты $9,5 млрд құрады”, — дейді экономика министрі Ә. Қуантыров.

Азық-түлік бағасының жылдық өсімі 15,4%-дан 17,9%-ға дейін жеткен. Сыртқы инфляциялық жағдай 10,9%-дан 11,1%-ға дейін жеделдеген азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасына өсім тұрғысынан қысым көрсетуін жалғастыруда.

Өз кезегінде премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Е. Жамаубаев мемлекеттік бюджетке 5 трлн 93 млрд теңге сомасында кіріс түскенін, яғни жоспардың 8,6%-ға артық орындалғанын, ал республикалық бюджетке 3,4 трлн теңгеге жуық қаражат түскенін, яғни жоспардың 1,1%-ға артық орындалғанын мәлімдеді.

Осы жылдың 4 айының қорытындысы бойынша Ақмола, Алматы, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында, Шымкент пен елордада барлық негізгі көрсеткіштер бойынша өсім тіркелген. Әлихан Смайылов қалған өңірлер жоспардағы көрсеткішке қол жеткізу үшін жұмысты күшейтуі қажет екенін атап өтті.

“Санкциялық шектеулер аясында сыртқы келеңсіз әсерлерді азайту және ұлттық экономиканың одан әрі дамуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жандандыру қажет”, — дейді премьер-министр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз