Қаңтар айында Қазақстан экономикасы 5,6%-ға өсті – Министрлік

0
150
фото: trend.az

2023 жылдың қаңтар айында Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 5,6%-ті құрады, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

Ұлттық экономика министрлігінің хабарлауынша нақты сектордағы өсім 2,3%-ті, ал қызмет көрсету саласында – 7,6%-ті құраған.

Инвестиция ағыны өнеркәсіпте – 9,2%-ке, оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібінде – 12,6%-ке, сондай-ақ ауыл шаруашылығында – 33,7%-ке, жылжымайтын мүлікпен операцияда – 33,7%-ке, көлікте және қоймалауда – 31,8%-ке өскен.

Өңірлер арасында ең жоғарғы көрсеткіш Алматы, Ұлытау, Жамбыл және Маңғыстау облысында байқалған.

Алдын ала қорытынды бойынша 2022 жылы сыртқы сауда тауар айналымы 134,4 млрд. долларды құраған.

Оның ішінде экспорт бойынша көрсеткіш 84,4 млрд. долларға дейін жеткен.

Бұл ретте өңделген тауарлар экспорты 26,5 млрд. долларды құраған.

Тауарлар импорты 50 млрд. долларға тең.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз