Ардагерлерге жалпы 2,6 млрд теңгеден астам материалдық көмек беріледі

0
183
Соғыс ардагерлері. Сурет: Baribar.kz

Қазақстанда 87 мыңнан астам Ұлы Отан соғысының ардагерлері жане соғыс салдарынан мүгедек болып қалған 1 мың 425 адамға 2,6 млрд теңгеден астам сомаға бір жолғы материалдық көмек беріледі. Бұл туралы 24.kz сайты жазды.

9 мамыр қарсаңында жергілікті әкімдіктер ардагерлерге көмек әрі құрмет көрсету мақсатында жергілікті әкімдіктер қаржылай төлем беруді жоспарлап отыр.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, біржолғы ақшалай төлем мөлшерін әкімдіктер өздерінің бюджеттерінің мүмкіндігіне қарай белгілейді. Биыл ең үлкен соманы Шығыс Қазақстан облысында тұратын ардагерлер алады. 542 мың теңге. Одан кейін Нұр-Сұлтан қаласында – 519 мың теңге, Ақмола және Павлодар облыстарындағы соғыс ардагерлеріне шамамен 500 мың теңге табысталады. Қарағанды, Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында бір реттік төлем 300 мың теңгені құрайды. Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалаларында 250 мың теңге шамасында. Қызылорда облысында 202 мың теңге, Қостанай және Жамбыл облыстарында соғыс ардагерлеріне 150 мың теңгеден қарастырылған.

Бұдан басқа, ҰОС салдарынан мүгедек болып қалғандарды шипажайларда бірінші кезекте емдеу, протездік-ортопедиялық құралдармен және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жоспарланған. Жеңістің 74 жылдығына орай 88 862 ҰОС ардагеріне 2,6 млрд теңгеден астам сомаға бір жолғы материалдық көмек төленеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз