Қазақстан он ай ішінде Германияға 690 мың тонна мұнай жеткізген

0
38

«Қазтрансойл» ағымдағы жылдың он айында магистральдық мұнай құбыры арқылы Германияға 690 мың тонна мұнай жеткізді, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

«2023 жылдың қаңтар-қазан айларында қазақстандық мұнайды “Транснефть” АҚ магистральдық мұнай құбыры жүйесі арқылы Германияға жеткізу көлемі 690 мың тоннаны құрады. Қараша айында “Қазтрансойл” немістерге 100 мың тонна “қара алтынды” транзитпен тасымалдауды жоспарлап отыр», – делінген хабарламада.

Ақпаратқа сәйкес, «Қазтрансойл» биылғы жылы «Транснефть» арқылы Германияға 1,2 миллион тонна қазақстандық мұнайды жеткізуге жыл сайынғы өтінім жолдаған. Дегенмен, мұнай жеткізудің нақты көлемі мұнай компанияларының сұраныстарына байланысты.

Айта кету керек, аталған мұнай транзиті Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасындағы 2002 жылғы 7 маусымдағы тиісті келісім аясында жүзеге асырылады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз