Қазақстанның бюджетін қай өңірлер көбірек толтырады?

0
47
Алматы қаласы.

2023 жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша, жергілікті бюджетке түскен түсім 8,6 трлн теңгеге болған.

Биыл жергілікті бюджеттің барлық кірістерінің 46,7%-ы салық түсімдері, 50,8%-ы трансферттік түсімдер есебінен болды.

Өңірлер бойынша мемлекеттік бюджеттің негізгі доноры — Алматы қаласы: биыл бұл мегаполистің жергілікті бюджетінің кірісі 1 трлн теңгеден асты, дәлірек айтсақ, 1,054 трлн теңгеге жетті. Бұл еліміздің барлық өңірлері арасындағы абсолютті рекорд.

Жергілікті бюджетке түсетін түсімдер бойынша екінші орынды Түркістан облысы (832,6 млрд теңге), үшінші орынды Астана қаласы (805,9 млрд теңге) иеленді.

Жалпы бес жыл ішінде (2018–2022 жж.) Алматы қаласының жергілікті бюджетінің кірісі 4,4 трлн теңгеге жетті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз