Қазақстанда доллар бағасы шарықтады

0
315

Бейсенбіде Нұр-Сұлтан уақытымен таңертеңгі сағат 11:45-тер шамасында Алматыда айырбастау пунктерінде доллар бағамы 463-465 теңге аралығында сатылып жатты.

Kurs.kz сайтындағы мәліметке қарағанда, Алматы мен Нұр-Сұлтанда кейбір айырбастау пунктерінде доллар сату тоқтатылған.

“Интерфакс-Қазақстан” агенттігі Қазақстан айырбастау пунктері қауымдастығының президенті Арчин Ғалымбаевтың “қазір долларды қандай бағаммен сату қажеттігі жөнінде ортақ түсінік жоқ” деген пікірін келтірді.

Қазақстан қор биржасы (KASE) 24 ақпан таңғы 11:30 уақытында 1 долларды 452 теңгеге бағалады. Санаулы күн бұрын Қазақстан валютасының долларға шаққандағы құны 428-430 теңге аралығында болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз