Қазақстанның ұлттық қоры рекордтық шығынға ұшырады – Зерттеу

0
71
фото: Pixabay

Ranking.kz мәліметінше 12 сәуірде ҚР Ұлттық банкі Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының 2030 жылға дейінгі активтерін басқару тұжырымдамасын жариялады. Жоба «Ашық НҚА» порталында шықты. Тұжырымдаманы жүзеге асыру, яғни онда белгіленген шектеулерді, қағидаттар мен тәсілдерді сақтау, ҚР ҰБ-ның пікірінше, 2030 жылға қарай 100 млрд АҚШ долларын жинақтауға және «Ұлттық қор — балаларға» бағдарламасының табысты жұмыс істеуіне ықпал етеді.

Мақсат өршіл көрінеді, бірақ тым шынайы емес. Түсіну үшін: 2023 жылдың наурыз айының соңына қарай ҚР Ұлттық қорының активі 58,4 млрд АҚШ долларын құрады. Яғни, 7 жылдан аз уақытта Ұлттық қордың активтері 71% немесе 41,6 млрд АҚШ долларына өсуі керек деп болжануда. Егер 2014 жылдан бергі жеті жылда Ұлттық қор активтері өспек түгілі азайып кеткенін ескермесеңіз, жоспар орындауға оңай секілді көрінеді. Нақтырақ айтқанда, 2014 жылғы тамызда (ең жоғары өскен кезі) Ұлттық қордың активі тұрақты өсім көрсетіп, 77,2 млрд АҚШ долларына жетті, бірақ одан кейін айтарлықтай құлдырау байқалды. Бүгінгі таңда Ұлттық қордың активтері сол кездегімен салыстырғанда 24,4% немесе 18,8 млрд АҚШ долларына төмендеді.

Тағы бір қызықты дерек: жаңа тұжырымдамада атап өтілгендей, 2016 жылдың өзінде Ұлттық қор активтерін басқару тәсілдерін жетілдіру бойынша жұмыс жүргізілді, Ұлттық қор қаражатын қалыптастыру мен пайдаланудың жаңа тұжырымдамасы әзірленді және бекітілді, тұрақтандыру портфелінің максималды көлеміне 10 млрд АҚШ доллары шегінде шектеу қойылды. 2019 жылы Ұлттық қордың жинақ портфелінің активін консервативті бөлуден теңгерімді бөлуге көшу басталды.

Алайда, бұл шаралардың барлығы алыс қашықтықтағы теріс үрдісті қалпына келтіре алмады. Иә, төменде келтірілген диаграммадан көріп отырғаныңыздай, кейде өсу болды, бірақ жалпы көрсеткіш төмендеуде. Тиісінше, жаңа тұжырымдама қысқа мерзімде осындай өршіл мақсаттарға қол жеткізе алады деуге ешқандай кепілдік те, негіз де жоқ.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз