Биыл Қазақстан экономикасы 4,9%-ға өсті

0
142
фото: trend.az

Қазақстан экономикасының өсуі осы жылдың I тоқсанында 4,9%-ды құрады, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен елдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте мәлімдеді.

“Бүгінгі таңда ұлттық экономика қолайсыз сыртқы жағдайларға бейімделе отырып, орнықты өсу жолына шығып отыр. Сыртқы күрделі ахуалға қарамастан, 2022 жылы экономикамыздың нақты өсуі 3,2%-ды құрады. Елімізге $28 млрд тікелей шетелдік инвестициялар тартылып, 18% өсім қамтамасыз етілді. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлемі 8%-ға ұлғайды. Сыртқы сауда айналымы 32%-ға өсіп, $134 млрд болды”, – деді премьер-министр.

Оның айтуынша, жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 27%-ға артып, 1,8 млн-нан асқан. Осы секторда жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны 13%-ға өсіп, 3,9 млн адамға жеткен. Нәтижесінде экономикадағы ШОБ үлесі қазірдің өзінде 36%-ды құрады (бір жыл бұрын 33,5%).

2️⃣ Үкімет басшысы биыл қабылданған шаралар экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік бергенін атап өтті. Мәселен, қаңтар-наурыз айларында ЖІӨ-нің нақты өсімі 4,9%-ды құрады.

Барлық негізгі бағыттар бойынша оң динамика қалыптасып отыр:🟢

  • құрылыста – 16%🟢
  • саудада – 12%🟢
  • көлік саласында – 8%🟢
  • өңдеу өнеркәсібінде – 5,4% өсім тіркелді.📊

Сондай-ақ Қазақстанның халықаралық резервтері $94 млрд құрады. Атап айтқанда, өткен жылдың басынан бері Ұлттық қордың активтері $3 млрд-қа өсіп, $58 млрд-қа жетті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз