Доллар бағамы 7 теңгеге төмендеді

0
88
дереккөзден

21 қыркүйекте таңғы сессия бойынша Қазақстан қор биржасындағы доллардың орташа бағамы 352,09 теңгені құрады. 20 қыркүйектегі доллар бағамымен салыстырғанда ұлттық валюта АҚШ валютасына шаққанда 7 теңгеге арзандады.

Бұдан өзге KASE ақпарына сәйкес, таңғы сауда-саттық қорытындысы бойынша шекті бағам долларына 357 теңгені құраса, ең минимальді сома – 350,10 теңге. Сауда-саттық ауқымы АҚШ валютасына шаққанда 147 млн 400 долларды құрады. Валюта бойынша жүзеге асырылған мәмілелер саны – 216.

Астанадағы валюта айырбастау бекеттерінде АҚШ валютасының сатылған ең шекті құны сағат 11.00-де 356,5 теңге болса, Алматыда – 357 теңге.

Ұлттық банктың 21 қыркүйекке белгілеген ресми бағамы 1 АҚШ долларына 359 теңгені құрады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз