Елімізде ақша айырбастау талаптары қиындайды

0
238
Сурет: time.kz

Қазақстанда ақша айырбастау пунктері 10.00-19.00 аралығында ғана жұмыс істеуі мүмкін. Бұл туралы 7kun.kz сайты хабарлады. 

Сондай-ақ ақша айырбастау үшін клиент жеке құжатын көрсетуі керек.

Бұл туралы Қазақстан Ұлттық банкінің сайтында жарияланған қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаулы жобасында жарияланды.

Құжат 2019 жылдың 16 тамызына дейін “Ашық НҚА” порталында талқыланады.

Айта кетейік, талқылауға әрбір қазақстандық қатысып, пікір білдіре алады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз