Ескі үлгідегі 500 теңгелік банкнот айналымнан шығады

0
130

Осы жылдың 10 маусымында 2006 жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік қағаз ақша айналымнан шығарылады. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады. 

2020 жылғы 10 маусымнан кейін:

  • банктер 12 ай ішінде ескі үлгідегі банкноттарды қабылдайды және қолданыстағы ақшаға айырбастайды;
  • Ұлттық банктің филиалдары банктердің қабылдау және айырбастау мерзімі аяқталған соң тағы 3 жыл ішінде ескі үлгідегі банкноттарды қабылдайды, сондай-ақ айырбастайды.

Осылайша, 2020 жылғы 10 маусымнан кейін 2006 жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкноттар заңды төлем құралы болмайды.

Бұл 500 теңгеліктің орнына 2017 жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкноттар айналыста болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз