Ұлттық банк 200 теңгелік монета жасап шығарды

0
148

Қазақстанның Ұлттық банкі 200 теңге болатын биколорлық циркуляциялық монеталарды айналымға шығарды. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.

“Биколорлы циркуляциялық монеталар дизайнының стилистикасында шығыс және батыс мәдениеттерінің көркем элементтерінің симбиозын байқауға болады. Айта кету керек, 200 теңгелік банкноттар заңды төлем құралы болып қалады және табиғи тозуына қарай айналымнан алынады”, – делінген Ұлттық банктің хабарламасында.

Монеталардың сыртқы сақинасы нейзильберден жасалған, ішкі диск никель жезден жасалған. Шеті тегіс және кедір-бұдырлы секторлары кезектесетін 16 ойықпен көркемделген.

Монеталардың сыртқы жағындағы орталық бөлігінде мемлекеттік елтаңба, айналдыра “QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY” деген жазу, монетаның төменгі бөлігінде нақышталған жылды білдіретін “2020” деген жазу бейнеленген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз