Рейтингтік агенттіктер қазақстандық сенімді банктер тізімін шығарды

0
115
фото: Pixabay

Белгілі бір банк қызметіне жүгінбес бұрын, оның қаншалықты тұрақты және сенімді екенін анықтау керек. Бұл мәселе әлемдегі қаржы жүйесі күйзеліс пен дағдарыстың барлық түріне ұшырап жатқандықтан өзекті болып отыр.

Банк сенімділігі мен тұрақтылығының негізгі көрсеткіштерінің бірі — беделді халықаралық рейтингтік агенттіктердің рейтингі. Қазақстандағы 21 Екінші Деңгейдегі Банктің 17-де үлкен үштіктің — Fitch Ratings, Moody’s және S&P Global Ratings агенттіктерінің кем дегенде біреуінің рейтингі бар.


Жалпы, халықаралық рейтингтік агенттіктердің қызметін қарастыратын болсақ, жағдай мынадай:

  • Fitch Ratings, қазақстандық 9 ЕДБ-ге рейтинг берді, оның 4-еуі үздік 10-дыққа кіреді;
  • Moody’s-те қазақстандық 9 ЕДБ-ге рейтинг берді, оның 8-і үздік 10-дыққа кіреді;
  • S&P қазақстандық 6 ЕДБ-ге рейтинг берді, оның 5-еуі үздік 10-дыққа кіреді;

Fitch Ratings бағалауы бойынша, Қазақстанның экономикасы мен қаржы секторы Ресей-Украина соғысының бастапқы әсеріне төзімділік танытқан.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз