20 қазаннан бастап карантин тағы жеңілдейді

0
407

19 қазанда карантин шараларын жеңілдету бойынша бірнеше шешім қабылданды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда 28 тамыздан бастап карантин жеңілдетіледі

2021 жылдың 20 қазанынан бастап:

  • Қарттар мен мүгедектер үйі, балалар үйі сияқты медициналық-әлеуметтік объектілердің пациенттеріне келушілердің COVID-19-ға қарсы вакцинацияны толық алғаны туралы құжатты немесе ПТР анықтамасын көрсеткен кезде баруға рұқсат беріледі.
  • Түнгі клубтардың қызметі «жасыл» мәртебесі барларға рұқсат етіледі. Алайда толымдылығы 50%-ға дейін болуы қажет.
  • Ashyq жобасына қатысатын бизнес объектілерінің жұмыс уақыты «жасыл аймақта» сағат 03-00-ге дейін, Ashyq жобасының көшбасшылары – сағат 05-00-ге дейін, – «сары аймақта» сағат 01-00-ге дейін, Ashyq жобасының көшбасшылары – сағат 03-00-ге дейін ұзартылады.

Барлық өңірлерде ауру деңгейі, ауыр жағдайдағылар мен стационарлық және амбулаториялық ем алып жатқандар саны айтарлықтай төмендеді. Бүгінгі таңда коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентімен 8 миллионнан астам адам, екінші компонентімен 7,2 миллионға жуық адам егілді. Қазақстанда тұмауға қарсы егу науқаны жалғасуда. Қазіргі уақытта 1,4 млн қазақстандық тұмауға қарсы екпе алды”,- дейді денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз