Қазақстанда 1,7 миллионнан астам адам вакцина алды

0
155

5 мамыр таңертеңгі ақпаратта 1 727 011 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші дозасын алды. Вакцинаның ІІ компонентін 670 593 адам алған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Бұдан бөлек министрлік мәліметінше 1811 адам вирус жұқтырып, 16 адам қайтыс болды. 2816 адам індеттен айыққан. Коронавирус пневмониясын 13 адам жұқтырып, 5 адам қайтыс болды. Пневмониядан 25 науқас емделіп шықты.

Қазіргі таңда 40 056 адам коронавирус инфекциясынан емделуде. Олардың ішінде 14 495 пациент стационарда, 25 561 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Науқастардың ішінде 799 адамның жағдайы ауыр, 192 адамның жағдайы өте ауыр және 122 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз