ҚМДБ ораза айт намазына қатысты мәлімдеме жасады

0
144
Нұр-Сұлтандағы Әзірет Сұлтан мешітіне жұма намазға жиналған жұрт.

12 мамыр мұсылмандардың қасиетті Рамазан айының соңғы күні 13 мамыр ораза айт мерекесі. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) елдегі мешіттерде айт намазының оқылатынын хабарлады.

Мүфтият мешітке келуші мұсылмандарды сақтық шараларына мән беруге шақырды:

– Бетперде (маска) киіп келу;

– Үйден дәрет алып келу;

– Намаздан соң қол беріп амандаспау;

– Намаздан кейін көп кідірмей үйге қайту;

– Жамағатпен оқылатын намазға балиғатқа толмаған балаларды алып келмеу;

Қазақстан мешіттерінің ауласында екі аптадан бері жұма намазы оқылып жүр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз