Қазақстанда 900 мыңға жуық адам вакцина салдырды

0
525
Нұр-Сұлтандағы екпе алу пункті.

24 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанда коронавирусқа қарсы 858 566 адам вакцина ектірді. Оның ішінде 143 239 адам вакцинаның екінші дозасын алды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Аймақтар бойынша: 
– Алматы қаласы – 170 850 (l доза); 21 009 (ll доза);

– Алматы облысы – 117 086 (l доза); 13 569 (ll доза);

– Нұр-Сұлтан қаласы – 84 360 (l доза); 12 783 (ll доза);

– Қарағанды облысы – 83 332 (l доза); 10 408 (ll доза);

– Шымкент қаласы – 76 455 (l доза); 7568 (ll доза);

– Түркістан облысы – 43 278 (l доза); 13 138 (ll доза);

– Шығыс Қазақстан облысы – 42 174 (l доза); 8998 (ll доза);

– Жамбыл облысы – 32 389 (l доза); 8315 (ll доза);

– Ақтөбе облысы – 31 900 (l доза); 6276 (ll доза);

– Павлодар облысы – 26 647 (l доза); 6287 (ll доза);

– Батыс Қазақстан облысы – 24 870 (l доза); 5151 (ll доза);

– Ақмола облысы – 24 373 (l доза); 5931 (ll доза);

– Қостанай облысы – 23 978 (l доза); 7085 (ll доза);

– Солтүстік Қазақстан облысы – 21 827 (l доза); 4819 (ll доза);

– Қызылорда облысы – 21 133 (l доза); 5855 (ll доза);

– Маңғыстау облысы – 18 253 (l доза); 2538 (ll доза);

– Атырау облысы – 15 161 (l доза); 3509 (ll доза).

Қазақстанда вакциналау науқаны 1 ақпанда басталды. Бірінші кезекте екпе дәрігерлерге салынды. Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирус пневмониясын қосқанда 350 мыңнан астам адамнан Covid анықталған. 4 мыңнан астам адам қайтыс болған.

Қосымша оқи отырыңыз – 26 сәуірде халыққа отандық вакцинаны егу басталады

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз