Қазақстанда вакцина алғандар саны 8,6 миллионнан асты

0
138
Нұр-Сұлтандағы екпе алу пункті.

22 қараша таңертеңгі ақпаратта 8 636 938 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші дозасын алды. Вакцинаның ІІ компонентін 7 946 142 адам алған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Жалпы 30 209 адам коронавирус инфекциясынан емделуде. Олардың ішінде 6 527 пациент стационарда, 23 682 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Науқастардың ішінде 493 адамның жағдайы ауыр, 129 адамның жағдайы өте ауыр және 92 науқас жасанды тыныс аппаратында жатыр.

Қазіргі таңда қазақстандықтарға вакцинаның 4 түрі қолжетімді – қазақстандық QazVac, қытайлық Sinopharm фармкомплексінің Vero Cell, ресейлік «Спутник V» және жүкті әйелдер мен жасөспірімдерге арналған “Pfizer” вакциналары.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз