Қазақстандық боксшы қарсыласын нокаутпен жеңді

0
33
Жәнібек Әлімханұлы. Photo: inform.kz

21 қараша күні Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) өткен жекпе-жекте француз боксшысы Хассан Ндам Нжикамды нокаутпен жеңді.

Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жекте орта салмақтағы өзіне тиесілі WBO Global чемпионы титулын қорғап қалды. Он раундқа жоспарланған жекпе-жек 8 раундта төреші шешімімен тоқтатылды.

Бұған дейін Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокста өткізген 10 жекпе-жегін де жеңген, алтауын нокаутпен аяқтаған. Биыл маусымда АҚШ боксшысы, әлемнің бұрынғы чемпионы Роб Брантты 8 раундта техникалық нокаутпен жеңген.

Хасан Ндам Нжикам кәсіпқой бокста 35 жекпе-жек өткізіп, 21-ін нокаутпен жеңген, бес рет жеңілген.

Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Жәнібек Әлімханұлы 2013 жылы әлем және Азия чемпионы болған, 2016 жылы Рио олимпиадасына қатысқан.

2021 жылдың қыркүйек-қазан айларында жаңартылған BoxReg рейтингі бойынша орта салмақта Жәнібек Әлімханұлы WBC тұжырымында 4 орында, IBF тұжырымында 9 орында, WBO тұжырымында 2 орында тұр. Орта салмақтағы әлем чемпиондары ішінде Қазақстанның белгілі боксшысы Геннадий Головкин бар.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз