Қазақстанда вакцина алғандар саны 8 миллионға жуықтады

0
68

13 қазан таңертеңгі ақпаратта 7 915 434 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші дозасын алды. Вакцинаның ІІ компонентін 6 983 073 адам алған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Бұдан бөлек министрлік мәліметінше 1707 адам вирус жұқтырып, 29 адам қайтыс болды. 1958 адам індеттен айыққан. Коронавирус пневмониясын 176 адам жұқтырып, 6 адам қайтыс болды. Пневмониядан 289 науқас емделіп шықты.

Жалпы 53 330 адам коронавирус инфекциясынан емделуде. Олардың ішінде 9 285 пациент стационарда, 44 045 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. Науқастардың ішінде 693 адамның жағдайы ауыр, 185 адамның жағдайы өте ауыр және 118 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Қазіргі таңда қазақстандықтарға вакцинаның үш түрі қолжетімді – қазақстандық QazVac, қытайлық Sinopharm фармкомплексінің Vero Cell және ресейлік «Спутник V» вакциналары.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз