Қазақстан – Финляндия матчынан фоторепортаж – 0:2

0
124

12 қазанда футболдан әлем чемпионаты 2022 топтық іріктеу кезеңі аясында Қазақстан ұлттық құрамасы Финляндия құрамасына қарсы ойын өткізді.

Финляндия ұлттық құрамасы топтық іріктеу кезеңінің 7 турында Қазақстанды 0-2 есебімен жеңді. Осыған дейін дәл осындай есеппен ұлттық құрама іріктеу кезеңінің екінші турында франциялықтарға және алтыншы турда Босния және Герцеговина құрамасына есе жіберген еді.

Алғашқы таймның соңғы минутында Пукки есеп ашты. Екінші таймның алғашқы минуттарында Пукки есепті еселеп гол соғып дубль жасады. Ойын 0-2 есебімен аяқталды.

Осылайша Талғат Байсуфинов жаттықтырған жігіттер өз алаңында ұпай ала алмады. Ал, Финляндия құрамасы 8 ұпаймен үшінші орында тұр.

Қазақстан ұлттық құрамасы 14 қарашада сырт алаңда Франция құрамасына қарсы ойнайды.

Қазақстан құрамасының жанкүйерлері
Финляндия жанкүйерлерімен бірге қазақстандықтардың суретке түсу сәті
Астана Арена стадионына жиналған Қазақстан жанкүйерлері
Ян Вороговский
Ұлттық құраманың капитаны Абзал Бейсебековтың допқа таласу сәті
қарсылас Пукки гол соққаннан кейінгі сәт

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз