Қазақстанда пойыздарға алғаш рет “әйелдер вагоны” қосылды

0
95
photo: matritca.kz

“Қазақстан темір жолы” ұлттық компаниясы алғаш рет әйелдерге арналған вагондарды іске қосты. Әзірге бұл вагондар тек Алматы – Маңғыстау және Алматы-1 – Өскемен жолаушы пойыздарына қосылды. Бұл жөнінде ҚТЖ баспасөз қызметі хабарлады.

“Әйел жолаушылар тарапынан осы қызметке сұраныс болған жағдайда компания Қазақстан ішіндегі маршруттардың ауқымын кеңейтуге және өз клиенттері тарапынан ұсыныстарға дайын” – делінген хабарламада.

Bilet.railways.kz сайтында немесе “Жолаушылар тасымалы” АҚ билет кассаларында темір жол билетін рәсімдеу кезінде “ЖН” (әйелдер) белгісі болған жағдайда бұл вагон тек қана әйел жолаушыларға (толықтай вагонға) билет сатуға арналғанын білдіреді. Сондықтан ер жолаушылар пойыз билетін сатып алғанда абай болуы керек. Аталған вагонға 7 жасқа дейінгі ер балаларды рәсімдеуге рұқсат бар.

Айта кетейік әйелдерге арналған вагон “купе” болады. Ал билет құны басқа купе вагондарымен бірдей.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз