Ranking.kz: Қазақстан пандемия кезінде қашықтан ең ұзақ оқытқан мемлекет

0
199
photo:vogazeta.ru / қашықтан оқу

Былтыр ақпан және осы жылдың шілде айының аралығында жасалған зерттеу нәтижесінде Қазақстан пандемия кезінде оқушылардың қашықтан оқыту уақыты ең ұзақ мемлекет болған. Бұл туралы ranking.kz сайты хабарлады.

Пандемия кезінде Қазақстанның білім жүйесі Еуразия елдеріне қарағанда көбірек зардап шекті. Қазақстанда мектептер рекордтық көрсеткіш болатын 11 ай 3 аптаға жабық болды. Оның ішінде 2,5 ай толықтай, 8 ай 3 апта ішінара жабық болды. Тиісінше Қазақстанда қашықтан оқуға байланысты инфрақұрылымға жүктеме басқа елдерге қарағанда айтарлықтай жоғары болды. Мысалы көршілес Қырғызстанда мектептер тек 6,5 ай жабық болса, ал Ресей, Армения және Өзбекстанда тек 3 айға жуық уақыт жабық болды. Тіпті Тәжікістан, Түркменстан және Беларусь елдері қашықтан оқу режиміне мүлдем көшпеді.

Ал Еуропа елдері туралы айтатын болсақ, мектептердің ұзақ мерзімге жабылуы Польшада (10 ай және 3 апта) және Германияда (9,5 ай) ғана байқалды.

ЮНЕСКО*-ның мәліметі бойынша, CОVID-19 пандемиясы 190-нан астам елдегі 1,6 миллиардқа жуық оқушыға әсер етті. Мектептер мен басқа да білім беру мекемелерінің жабылуы нәтижесінде әлемдегі оқушылар мен студенттердің 94% – ы қашықтан оқыды.

*: UNESCO – (United Nations Educational, Scientific and Cultural Organization) Біріккен Ұлттар Ұйымының ғылым-білім және мәдениет бойынша мәселелерімен айна­лысатын саласы.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз