Бір тәулікте 8 мыңға жуық адамнан коронавирус табылды

0
204
Photo: Turar Kazangapov

9 тамыздағы ақпарат бойынша Қазақстанда 7 671 адамнан коронавирус табылды. 76 адам коронавирус пневмониясына шалдықты. Бір күнде 112 адам – коронавирустан, 28 адам коронавирус пневмониясынан көз жұмды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Соңғы ақпарат бойынша ең көп науқас Нұр-Сұлтан (1452) қаласында және Алматы (1503) қаласында тіркелген. Одан кейін Қарағанды (1058), Атырау (416) облыстары және Шымкент (565) қаласы тұр. Қалған облыстарда бір күнде анықталған науқастар төрт жүзге жетпейді.

Өткен жылдың наурыз айынан бері коронавирус жұққаны тестпен расталған науқастар 641 885 адамға жеткен.

Ал, пневмония бойынша 1 жылға жуық уақыт ішінде жалпы 63442 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан. 3915 адам қайтыс болған. 55723 адам жазылған.

Қазір коронавирустан 113 186 адам (–109 382 + және 3 804 КВИ-) емделіп жатыр. 1 981 адамның жағдайы ауыр, 402 науқастың жағдайы өте ауыр. 192 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз