Түркия: 12 орманда өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр

0
187
photo: dw.com

Түркияның орман шаруашылығы министрі баспасөз конференциясында 28 шілде – 5 тамыз аралығындағы орман өрті туралы мәліметпен бөлісті. Бұл туралы министрліктің ресми сайты хабарлады.

28 шілдеден бері 44 провинцияның 197 орманында өрт шығып, қазіргі таңда 185-і бақылауға алынған. Қалған 5 провинциядағы 12 орманда өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Олар Анталияда 2, Муғлада 6 және Айдын, Ыспарта, Денизли провинцияларында бір-бір мекенде өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.

“Өрт сөндіру үшін 16 ұшақпен, 9 ұшқышсыз ұшу аппаратымен, 56 тікұшақпен, 1 ұшқышсыз тікұшақпен, 850 су тасымалдаушы көлікпен, 150 өрт сөндіру көлігімен және 5 мың 250 қызметкер жұмыс жүргізуде”,- дейді Түркияның орман шаруашылығы министрі Бекир Пакдемирли.

Бұған дейін Түркияның денсаулық сақтау министрлігі, орман өртінде қаза тапқандар саны сегізге дейін, зардап шеккендер саны – 864-ке дейін өскенін хабарлады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз