Карантинде той ұйымдастырған шенеунік қызметінен қуылды

0
281
фото: ratel.kz / Максутов Калел Мукатаевич

Қарағанды облысында карантин кезінде той өткізуге тыйым салуды елемеген шенеунік жұмыстан босатылды. Бұл туралы өңір басшысы Жеңіс Қасымбек онлайн режимінде өткен аппараттық кеңесте мәлімдеді.

“Бүгінгі күннен бастап жер қатынастары басқармасының басшысы Мақсұтов Қалел Мұқатайұлы карантинді өрескел бұзуы, яғни пандемия кезінде той шараларын ұйымдастыруына байланысты қызметінен босатылды”, – деді облыс әкімі.

Оқиға 7 тамызда болған. Облыс әкімдігінің сайтындағы ақпарат бойынша “109” нөміріне “Ариста” мейрамханасында жаппай іс-шара өткізіліп жатқаны туралы хабарлама келіп түседі. Оқиға орнына Қарағанды қаласының полиция, санэпидбақылау және әкімдік қызметкерлерінен тұратын мобильді топ барады. Мекеменің жанында көптеген көліктер болғандықтан және мейрамхананың өзінде 400-ге жуық адам болғандықтан, аумақты қоршау үшін полицияның қосымша наряды шақырылған.

“Тағы да ескертемін: мұндай заңсыздықтар үшін жаза өте қатал болады. Облыста коронавирустық инфекцияға қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан үлкен жұмысты құнсыздандырмаңыздар. Тұрғындардың көңілін қалдырмаңыздар. Мәртебелеріңіз немесе жұмыс орнына қарамастан әрекеттеріңізге жауап бересіздер!” – деді аппараттық кеңесте облыс әкімі Жеңіс Қасымбек

Айта кетейік, 9 тамыздағы ақпарат бойынша Қарағанды облысында 1058 адамнан коронавирус табылып, 7 адам қайтыс болған.

Оқи отырыңыз – Бір тәулікте 8 мыңға жуық адамнан коронавирус табылды

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз