Коронавирусқа шалдыққан 91 науқас жасанды тыныс аппаратында жатыр

0
105

18 қарашадағы ақпаратта Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған 1083 науқас тіркелді. Бір күнде дерттен 23 адам қайтыс болып, коронавирусқа ұқсас пандемияға 177 адам шалдыққан. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Өткен жылдың наурыз айынан бері коронавирус жұққаны тестпен расталған науқастар 960 609 адамға жеткен.

Министрлік мәліметінше елде 31 475 адам короновирус инфекциясынан емделіп жатыр. Олардың ішінде 6 454 пациент стационарда, 25 021 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- дертіне шалдыққандардың арасында:

• 506 адамның жағдайы ауыр,

• 125 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 91 науқас жасанды тыныс аппаратында жатыр.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз